ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «АРДАГЕРЛЕР САЯБАҒЫ» АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

1112
Сарыағаш ауданында жыл сайын түрлі жұмыстар атқарылуда. Биыл да біршама жұмыстар қолға алынды. Соның бірі – Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекенінде ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатқан «Ардагерлер» саябағы. Аталған саябаққа аудан әкімі Мұхит Отаршиев барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмысты сапалы әрі уақытында тапсыруды міндеттеді.
Айта кетсек, саябақтың жалпы аумағы 0,28 гектарды құрайды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, алдағы уақытта саябақтың ішіне төсеуіш төселіп, түнгі жарықшамдар орнатылады және қақпалар жаңадан ауыстырылады. Сонымен қатар, орталық алаңда тұрған белгісіз салдаттың ескерткіші сырланып рең беріледі және тағы басқа да жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі таңда мұнда жөндеу жұмыстары қарқынды. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң ауыл тұрғындары сәні артқан саябақта серуендейтін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі