Бибісара Асаубаева халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

1117

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday атты ХХІ халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

FIDE халықаралық шахмат федерациясы мәліметі бойынша, 2024 жылы Халықаралық шахмат федерациясы өзінің 100 жылдығын атап өтіп жатыр және осы осы оқиғаға арналған көптеген іс-шараның бірі — апта сайынғы Swiss Queens онлайн турнирінің сериясы.

«Биылғы жұлдызды бәсекенің жеңімпазы қазақстандық шахматшы, шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022 ж) Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, қарсыластарынан бір ұпайға озып кетті», — делінген жазбада.

Ресейлік шахматшылар Анастасия Боднарук пен Валентина Гунина сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды.