ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

46

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне терең тоқталды.

Жиынның негізгі мақсаты — кәсіподақтың ағымдағы және болашақтағы жұмыс бағытымен таныстыру, сондай-ақ алдағы жылдарда жүзеге асырылатын маңызды шаралар мен жобаларды талқылау. Әсіресе, осы кезеңдегі кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестігі мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жұмыс жағдайларын жақсарту мәселелері кеңінен қаралды.

Қатысушыларға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының съезінің шешімдері мен оларды жүзеге асыруға бағытталған кәсіподақ қызметінің стратегиялық жоспары таныстырылды. Бұл жоспар, әсіресе, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбек шарттарын жақсарту, кәсіби біліктілікті арттыру және әлеуметтік қорғауды кеңейту мақсаттарын көздейді.

Сондай-ақ, кәсіподақтың қоғамдық қолдау мен қызмет көрсету мәселелеріндегі рөлі, оның жұмысшылар мен ұйымдар арасындағы алтын көпір болуы, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау мәселелері терең талқыланды. Бұл жиын, әсіресе, қызметкерлердің еңбек шарттарын реттеуде және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуда кәсіподақтың үлкен маңызға ие екендігін көрсетті.

Жиын соңында орталықтың белсенді кәсіподақ мүшесі — ақпараттық түсіндіруді үйлестіру және діни талдау жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бексұлтан Жұмаханұлы Жұмаділләға «Еңбек озаты» төсбелгісін табыстады. Бұл марапат оның жұмысына деген жоғары бағасы мен кәсіподақтың белсенді мүшелеріне көрсеткен қолдауының көрінісі болды.

Марапаттау рәсімі кәсіподақтың жұмысшылардың әлеуметтік және кәсіби дамуына көрсететін көмегінің айқын дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, кәсіподақтың әлеуметтік қолдау жүйесінің, оның ішінде әрбір қызметкердің моральдық және материалдық тұрғыдан қамтылуының маңыздылығына назар аударылды.