«Доп секілді анда-мында тептіңіздер»: Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжановтың қызы желіде жазба қалдырды

31

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс бас бапкері Қайрат Сәтжановтың қызы Еңлік Сәтжанова әкесінің денсаулығына байланысты жұмыстан кетуі туралы хабарламаға жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«33 жыл еңбек етіп, Қазақстанның туын желбіретіп жүрген адамды доп секілді анда-мында тептіңіздер. Әрдайым нәтиже әкелетін бапкер. Бірақ сіздерге нәтиже керек емес екен», – деп жазды ол.

Ол желі қолданушыларының әкесінің денсаулығына қатысты алаңдаушылық білдіргеніне де жауап қатты.

«Денсаулық осы Қазақстанның боксын дамытамын деп кетті ғой. Қанша еңбек, энергия, уайым кетті осы үшін. Бірақ оны ешкім бағаламайды», – деп жауап берді Еңлік.

Еске сала кетейік, кеше Қайрат Сәтжанов бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен босатылып, оның орнына әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері Нұржан Насанов тағайындалған болатын.