Елімізде бір топ адам жақсы жұмысқа тұру үшін компанияға қомақты ақша беріп алданып қалды

1404
Runeuropa деген атпен құрылған серіктестік елімізде бір топ адамды алдап, сан соқтырып кетті. Шетелден табысы жоғары жұмыс тауып береміз деп ел-жұртты сендірген компания алдын ала ақшасын алып, өздерін жолға шығарып жіберген.
Далада қалған отандастар арып-аршып елге жеткен кезде, әлгі серіктестік басқа жаққа көшіп кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Айнұр Бисеева бар жұмысын тастап, әділдік іздеп Астанаға арнайы келіпті. Себебі, Шымкентте полицияға жазған арызы қаралмай, аяқсыз қалады екен. Өткен жылдың жазында шетелден жұмыс тауып береміз деген компанияның жарнамасына сеніп, алданып қалыпты.
“Финляндияға барасыздар, сұмдық ақша табасыздар деді. Айына 3-4 мың еуродан табасыздар деген. Тамағы тегін, жататын жері де тегін болады деп бізді сендірді. Мейрамгүл, баласы Жәнібек, Тайсары, Меруерт, Ерден, Ажар деген менеджерлер бізбен жұмыс істеді” – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айнұр Бисеева.
Еуропаға апарып батпан құйрыққа кенелтеміз деген компания қызметкер көрсеткені үшін деп адымен ақшасын алып алған. Ал жұмыс іздегендерді халықаралық құжат дайындау үшін Мәскеуге жіберіпті. Келісім бойынша осы жерден Финляндияға кету керек еді. Ал жол-пұл, Ресей жеріндегі екі-үші күндік пәтерақы, сақтандыру, үш мезгіл тамақтың шығынымен келген соң есептесеміз деп уәде беріпті.
“Бірінші сізбен жұмыс жасау үші, оның услугасын төлеу керексіз. Ол 500 мың. Оның 150 мың теңгесін чекпен бердік.150 мыңын Тайсары деген менеджерінің атына банктен аудардық. Қалған ақшаны Москваға визовой центрге тапсырасыздар. Жұма күні түсеміз. Финляндияның консулдігін тапқанша түс ауады. Сөйтіп барсақ, бізге айтады, сендер туралы ешқандай информация жоқ” – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айнұр Бисеева.
Шымкенттен барған бір автобус адам осы кезде алданғандарын біліпті. Бірақ кеш. Тіпті, Еуропаға барып күреп ақша табамыз деген сеніммен жұмыс беруші компанияның сұраған қаржысын беру үшін несие алғандары да бар. Ел-жұртты алдап-сулап, арқадан қақан компания қазір мекен жайында ауыстырып жіберген. Құжаттарды көрсетілген кеңсе жабық тұр.
Runeuropa серіктестігіне алданғандардың бар үміті құзырлы органдарда. Сол үшін қалалық прокуратураға келіп базынасын айтуда. Елордалық полицияға да арызда арыз түсіріпті. “Қазіргі таңда тергеп-тексеру өндірісі жүруде. Полицияға жүгінген 70-тен аса адамның арызы тіркеліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген” – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова.
“Басында бәрі 200 мыңнан берді. Орташа 180 адам деп алсақ, 36 млн-дай алып тұр бәрімізден” – дейді қала тұрғыны Кенжебек Сағиев.
Шетелден жұмыс тауып береміз деген компанияға алданғандардызң саны күннен күнге өсуде. Шымкенттің өзінде 200-ге тарта адам сан соғып отыр. Өзге өңірлерденде бар.