Басты Шоу-бизнес «Димаш пен Данэлияны қолдау үшін». Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды
Актриса әрі продюсер Гауһар Нұртас Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысып жатқан The World’s Best («Әлемдегі ең үздіктер») шоуының сарапшыларының бірі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарламаны 2019 жылы 3 ақпанда CBS арнасы көрсетеді. Бағдарламада өнер көрсету үшін ғаламшардың түкпір-түкпірінен таланттар келген — әншілер, бишілер, цирк өнерпаздары, гимнасттар және тағы басқалары. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, ұлыбританиялық комик Джеймс Горден және актер РуПол Андре Чарльз бар. Үш бас төреші мен әлемнің 38 елінен 50 маман (олардың ішінде Гауһар Нұртас та бар) ақтық шешім шығарды. Ол тек өз отандастарын қолдап қана қоймай, басқа да қатысушыларға өзінің ең мықты тұсын көрсетуге септігін тигізеді. Дауыс беру кезінде олардың пікірі ескеріледі.
«Мамандардың әлемнің түкпір-түкпірінен табынушылары бар. Олар әр раундта қатысушылар туралы өз пікірін білдіріп, финалда қатысушының ең үздік атануы үшін өз мойнына жауапкершілікті алады. Нигерия мен Жапония, Швейцария мен Самоа — біздің мамандар осы сахнада жаһандық байқауға мағына беруге талпынады. Олардың арасында чемпиондар, лауреаттар, халықаралық телекөрсетілім төрешілері және өз елінде танымал болған супержұлдыздар да бар.Олар біздің таланттар шоуына айрықша мағына берері сөзсіз», — дейді атқарушы продюсер Элисон Холлоуэй.
Шоудың басты жеңімпазы — бір миллион доллар алады.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің америкалық The World’s Best («Әлемдегі ең үздіктер») шоуында қандай ән айтқаны белгілі болды. Ол бұрындары Қытайда I’m A Singer шоуында айтқан S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындаған. Әншінің фанаттары видеодан үзінді жариялады, сол арқылы Димаш Құдайбергеннің дәл сол ән екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар, шоуға Данэлия Төлешова да қатысты. Видеода қазақстандық қыздың сахнада көз жасына ерік бергенін көруге болады.