Жастар арасындағы суицид әлі де өзекті — Кәлетаев

1145
ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесін көтерді. 
«Соңғы 3 жыл ішінде жастар арасындағы құқық бұзушылық санының төмендеуі байқалады. 2016 жылы 52 135-тен 2018 жылы 47 771-ге төмендеді (4364, яғни 8,4 %). Жалпы, елімізде жастар арасында суицид және суицидке бару әрекеті саны төмендеуде. Деректерді салыстыратын болсақ, өткен жылы жастар арасындағы суицид саны 3,9 %-ке (654-тен 628-ге) төмендеген. Бірақ, 628 – бұл өте үлкен көрсеткіш, сондықтан жастар арасындағы суицид мәселесі көкейкесті болып қала бермек. Алдын алу жұмыстары Білім және ғылым министрлігімен, ғылыми және қоғамдық институттармен бірлесіп жалғасатын болады», — деді Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.
Бұған дейін министр «біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастаған жоқпыз» деген еді.
Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.