Ақтаулық ару әлемдегі ең үздік фотомодель атанды

1585
25 жастағы Сандуғаш Әбдірахман Әзербайжан елінде өткен байқауда «Әлемнің ең үздік фотомоделі» атағын иеленді.
Баку қаласында өткен «World beauty Championship of bridal hairstyle & Make up 2019» байқауына БАӘ, Ресей, Азия елдері, АҚШ, Замбия, Мексика, Еуропа, Оңтүстік Америка елдерінен хас сұлулар қатысқан. Қазақстан атынан 5 бойжеткен бақ сынады, оның үшеуі —  модель, қалғандары — бет пен шаш әрлеуші.
  Осы байқауда ақтаулық Сандуғаш Әбдірахман «Best Photomodel of the World 2019» атағын жеңіп алған. Жеңімпаздың айтуынша, мұндай сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол осыған дейін Үндістанда өткен «Miss Supermodel Worldwide» байқауында Miss Caspian атағын иеленген. Сондай-ақ, Сербияда өткен Miss World Car & Motorsport 2017 конкурсында топ жарған.]

Дереккөз:Ktk.kz