Атышулы атыраулық полицей ақыры «атынан» түсті (видео)

1422
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевтың өзіне сыйланған атқа мініп басы дауға қалған болатын. Генералдың атқа қызметтік киіммен мініп тұрған видеосы желіде жария болып, көпшіліктің қызу талқысына түскен. Бірі тарап «қазақ баласы атқа мінсе айп па?» деп атыраулық полицейді ақтап алуға тырысса, енді бір тарап «қызметтік этиканы бұзды», «бұл әдепке сай емес» деп Аян Дүйсембаевтың видеодағы әркетін әдепсіздікке балаған.

Генералдың бұл әрекетін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та әдепсіздікке балап, «сыйлыққа жылқы мінген» полиция департаменті басшысын қатаң жазаланатынын айтқан.
Сонымен бір апта бойы желіні шулатқан Аян Дүйсембаев қызметінен кеті.