Назарбаев: Егер үшінші дүниежүзілік соғыс болса…

1522
Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа мен Азия парламенттері спикерлерінің IV отырысында әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс болса, бүкіл өркениет үшін соңғы соғыс болуы мүмкін екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
«Жер шарына тағы да қауіп төніп тұр. Егер  жаппай қырып-жою болып, қару қолданып, үшінші дүниежүзілік соғыс болса, бұл біздің өркениетіміз үшін соңғы соғыс болуы әбден мүмкін. Қиындықсыз өмір сүруге, ертеңгі күнге деген қорқыныш пен сенімсіз өмірге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген үлкен сұраныс бұрыннан қалыптасқан. Мұндай жағдайда жер шарының барлық тұрғындары қарусыздану үшін жаһандық күреске белсене араласып, ғаламшардағы өмірді қорғауға бар күшін салуы керек», — дейді Назарбаев.
Сондай-ақ ол жақында өткен «АСЕМ» және «Бір белдеу — бір жол» форумдарында Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ арасындағы диалогты бастауды ұсынды. Жердегі бейбітшіліктің орнауы осы державаларға байланысты екенін айтып, ұлы соғыстардың келіссөздермен аяқталатынын ескертті.
«Бұл елдердің басшылары адамзаттың болашағы, тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін ерекше жауапкершілікті сезінетініне сенімдімін. Төрт саяси көшбасшы өздерінің ерік-жігерін көрсетіп, планетадағы шиеленісті болдырмау жолдарын табуы керек. Бұл тек келіссөздер мен диалог арқылы ғана шешіледі» , — дейді Назарбаев.