«Шулы Алматыны жақсы көремін» — фотограф карантин кезінде қаңырап қалған қала көшелерін суретке түсірді

1570
Фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді. Ол жұмысын 20 наурызда Instagram-дағы парақшасына жүктеген. 
«Қаңырап қалған қала — Әл-Фараби, Барахолка, Шығыс айналма жолы — оларды бос көргенсіз бе?
Бүгін таңертең босап қалған қаламен серуендедім. Тамақ ішетін қоғамдық орындар жабық, адамдар аз, көліктер де азайған, кей жерлерде бос көшелерді де байқап, осы кадрларды жасадым.
Біреулер ауа тазарып, кептеліс жоқ деп қуанады. Ал мен, керісінше, шулы Алматыны, кептеліс, базарларымен қоса, кафе және көшелердегі үздіксіз қимылы үшін жақсы көремін. Қала тезірек бұрынғы қалпына келгенін қалаймын!» — деп жазған суреттер авторы.

Дереккөз:kaz.tengrinews.kz