“БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН” «ECO SANA» СЕНБІЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

1124
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында “БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН” «Eco Sana» сенбілік қозғалысының биылғы қорытындылау кезеңі өткізілді.
Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болатын.
Бір жарым айға созылған сенбілік барысында қаламыздың төрт ауданында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Атап айтқанда Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілікке қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді жастар қатысып, 2 тонна 450.5 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын. Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен сенбілікте 3 тонна 219.5 келіге жуық қоқыс шығарылды, Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікте 8 тонна 426 кг қоқыс шығарылды, ал Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданындағы «Бадам» су қоймасынан 3 тонна 594 кг қоқыс шығарылған болатын. Нәтижесінде жалпы жоба соңын қорытындылай келе 17 мың 690 килограмм қоқыс жиналып шығарылды.
Сенбілік қозғалысына қатысқан белсенді топтардың қорытындысы бойынша:
I-орын – «Авиценна» көпсалалы медицина колледжі – 2843 кг,
II-орын — “ЖАС ОТАН” ЖҚ- 2773 кг,
III-орын – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» -1472 кг жинап жеңіске жетті.
Жоба нәтижесінің соңында үздік жеңімпаз деп танылған ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.