Пайдалы қазбаларды таратудың заңсыз схемасы әшкереленді – Тоқаев тапсырма берді

1001
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды кадрлық өзгерістер жасалатынын мәлімдеді.
«Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасаймыз. Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет», — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, министрлер және әкімдер өзіне қолайлы адамдарды ғана қызметке тағайындайтын әдетті доғаруға тиіс. Министрліктердің өзінде «керек адамын» тағайындау үшін заң талаптарын аттап өтетін немесе қалауынша өзгертіп алатын жағдайлар бар.
«Бұл әрекеттер барлық жерде кездеседі. Жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек. Әділ бәсеке болмаса, кәсіби мамандар мемлекеттік қызметке қызықпайды», — деп атап өтті президент.
Қазіргі кезде дарынды жастар мемлекеттік қызметке келуге құлықсыз.
«Аймақтарда тек сол өңірдің азаматтары жұмыс істеуі керек деген қасаң түсініктен арылу керек. Адамның білікті болуы оның туған жеріне байланысты емес. Жұмыстың нақты нәтижесімен ғана бағаланады», – деді Тоқаев.