Тарихи алтын: Азия ойындарында Қазақстан құрамасы шорт-тректен топ жарды

1223

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды.

Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.