Өмірзақ Шөкеев аудан әкіміне тапсырма берді

1662
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапармен барып, бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңір басшысы алдымен Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Абдраман» шаруа қожалығын аралап көрді. Шаруашылықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі  ауданда жылыжайларда құлпынай шаруашылығын дамыту бойынша семинарлар ұйымдастыру керектігін атап өтті. Оған жергілікті әкімдік тарапынан тиісті шараларды қолға алуды тапсырды. Мұнан соң Өмірзақ Шөкеев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан асыл тұқымды мал шаруашылығы  және сүт өндірумен айналысатын «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аялдады.
Бүгінде аталған қожалықтың меншігінде 1600-ге жуық гектар жері бар және мекеме жылына 720 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Озық заманауи технологиямен жұмыс істейтін серіктестіктің иелігінде 600-ге жуық ірі қара малы, 2 мыңнан астам уақ мал бар. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Қапланбек» ауылдық округінде орналасқан «Жабайы ата» шаруа қожалығының да жұмыс барысымен танысты. 1,8 млрд. теңге болатын жоба 2009 жылы жүзеге асырылған. Қожалық жылына 4 200 тонна өнім өндіріп, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және  Солтүстік облыстарға, Ресейге жөнелтіп келеді. Сонымен қатар, облыс басшысы Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр. Өткен жылы бастау алған құрылыс биыл аяқталып пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ауданның бірқатар нысандарын аралап шыққан облыс әкімі жергілікті билік өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Соның бірі аудан аумағындағы тазалаланған су арналарына тиісті талдаулар жасап, тазалау нәтижесінде шыққан қоқыстарды шығарып тастау болды.
Өмірзақ Шөкеев аудан әкіміне  тапсырма берді
Сондай-ақ, өңір басшысы  аудан аумағынан ағып өтетін «Келес» өзенінің бойындағы апатты жерлерді анықтауды міндеттеді. Өзен арнасын тіктеп, нығайту жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек екенін айтты. Одан бөлек, ауданы аумағындағы Республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына талдау жасап, республикалық, облыстық автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізуді де жүктеді.

Ең бастысы, ауданда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің инфрақұрылым мәселесін тездетіп шешу керектігін атап өтті.