Санчес: Головкин ұяттан жұрдай екен

1216
Жақын арада орта салмақтағы бокстан экс-чемпионы Геннадий Головкин мен оның бапкері Санчес өзара келісімшарттың аяқталғанын жариялаған еді. Осы жағдайдан кейін Абель Санчес халықтың сүйікті боксшысының өміріне қатысты бірқатар деректерді жайып салды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Геннадий ұзақ жыл бірге шеберлік шыңдаған бапкерімен жолдарының екі бөлінгеніне аса реніш көрсете қоймағаныен, Абель Санчестің өкпесі қара қазандай. Айтуынша, былғары қолғап шебері оның жалақысын төлеуді күрт тоқтатқан.
«Алғысы жоқ сараң екен. Ол жақын арада ғана DAZN холдингімен 100 миллион долларлық келісімшарт жасасты. Маған төлейтін ақшасы жоқ дегенге сене аласыз ба? Бұл мені қорлау ғой. Мен ешқашан бұл жігіттің қате қадамға бара алатыны, баруы мүмкін екендігі туралы ойламаппын. Мен оның бойында ар-ұят, адамдық биік тұрады деп ойладым. Мен оны ақша өзгертеді деп ойламадым. Оған қатты өкпелімін», — дейді экс-чемпионның экс-бапкері Абель Санчес.