Шымкент қаласының прокуратурасында Отан қорғаушылар және Жеңіс күндері мерекелеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Іс-шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, прокуратура органдарының ардагерлері және қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашқан қала прокуроры М.Қожабаев прокуратураның ардагерлерлері мен әріптестерін Жеңістің 74-жылдығымен шын жүректен құттықтады.
«Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз» — деп сұрапыл соғыста қаза тапқан ардагерлерді дәріптеу мақсатында үнсіздік жариялады.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Рысбаев, бүгінгі таңда Шымкент қаласының барлық мемлекеттік органдарымен Ұлы Отан соғысының 54 ардагеріне құрмет жасалып, оның ішінде 7 ардагер прокуратура органдары қызметкерлерімен дәріптелгені аталды.
Сонымен қатар, қала прокуроры әріптестерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі екенін атап өтті.
Мереке аясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрықтары жарияланды.