Түркістан облыстық сотының судьясы пара алу үстінде ұсталды — ҰҚК

969
Түркістан облыстық соты судьясының заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.
«Атап айтқанда, А. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуге заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады» делінген хабарламада.
Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.