Бес боксшымыз Болгариядағы жарыстың жартылай финалына шықты

338
Болгария елінің астанасы Софияда «Странджа» халықаралық турнирі өтуде. Қазақстандық бес боксшы жартылай финалға шықты.
Ширек финалдық жекпе-жектер қорытындысы бойынша бес боксшымыз жарысты жалғастырады. Сондай-ақ олар кем дегенде қола медаль еншілеп тұр.
Жеңіл салмақта (49 кг) Теміртас Жүсіпов жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда болгар боксшысы Эргюнал Сабриді айқын жеңіп шықты.
Закир Сафиуллин (60 кг) мен Санатәлі Төлтаев (64 кг) та қарсыластарына мықтылығын мойындатып, жартылай финалға қадам басты. Закир грузин Отар Эраносянды жеңсе, Санатәлі қытайлық Шензе Циден басым болды. «Қазақтың салмағы» саналатын 69 кг-да Абылайхан Жүсіпов атойлап келеді. Ол ширек финалда ресейлік Шахабас Махмудовты жарыс жолынан шығарды.
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит ширек финалда америкалық Джаред Андерсонмен жұдырықтасты. Отандасымыз жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Өкінішке қарай, команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ширек финалда аяқтады.  Ол жергілікті боксшы Петар Белберовқа жол беріп алды.
Теміртас Жүсіпов (49 кг) — Эргюнал Сабри (Болгария), 5:0 Закир Сафиуллин (60 кг) — Отар Эраносян (Грузия), 4:1 Санатәлі Төлтаев (64 кг) — Шензе Ци (Қытай), 5:0 Абылайхан Жүсіпов (69 кг) — Шахабас Махмудов (Ресей), 4:1 Василий Левит (91 кг) — Джаред Андерсон (АҚШ), 4:1 Қамшыбек Қоңкабаев (+ 91 кг) — Петар Белберов (Болгария), 2:3

Жартылай финалдық жекпе-жектер бүгін өтеді.
Теміртас Жүсіпов — Леандо Хосе Блан (Аргентина) Закир Сафиуллин — Шункор Абдурасулов (Өзбекстан) Санатәлі Тольтаев — Вандерсон Оливейра (Бразилия) Абылайхан Жүсіпов — Евгений Барабанов (Украина) Василий Левит — Абнер Джуниор (Бразилия)
Айта кетейік, Болгариядағы турнирге Қазақстаннан 10 боксшы аттанған болатын.  Анвар Музаппаров (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) пен Бек Нұрмағанбет (81 кг) жарысты ерте аяқтады.
Дереккөз:massaget.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз