ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ: «Стандарт цемент» ЖШС ұжымының үндеуі

3004
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Аса қадірлі Елбасы!
Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі өзгеріс орын алды. Сіздің президенттік өкілеттікті тоқтау жөніндегі шешіміңіз бүкіл Қазақстан жұртшылығын ерекше толқытып, тебірентті.
Сіз әлемде аумағы жөнінен тоғызыншы орын алып жатқан мемлекеттің іргесін қалап, әлемге таныттыңыз. Экономикамызды нығайтып, қуатты елге айналдырдыңыз. Сіздің есіміңіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды.
Ұлт Көшбасшысы ретінде Сіздің жетекшілігіңізбен еліміз талай белді белестерді бағындырып, әлемдік қауымдастықтың қатарына сенімді серіктес ретінде енді.
Қазақстан атынан Сіз көтерген бастамалар әлемді бейбітшілікке үндеп, жаһандық саяси ынтымақтастықты экономикалық әріптестікпен нығайту жөнінде батыл бастамаларға ұйытқы болдыңыз.
Әлем тынысын дәл болжай білген Сіздің идеяңызбен Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық Одақ сынды белді халықаралық ұйымдар дүниеге келіп, ежелден іргелес жатқан елдердің жарқын болашағын қамтамасыз ету бағытында жемісті жұмыс істеп отыр.
Санаулы жылдар ішінде республикамызды аграрлық елден өндірістік экономикаға бет бұрған қуатты елге айналдырдыңыз. Байтағымызда бұрын-соңды болмаған өндірістік орындар ашылып: автомобильдер мен локомотивтер шығару, химиялық өндіріс, мұнай өндіруге қажетті құрылғылар, заманауи құрылыс өнімдері шығарыла бастады.
Осы өндрісітердің қатарында біздің «Стандарт цемент» заманауи цемент зауыты да іске қосылып, еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға қызмет жасауда.
Біздің зауыт Сіз ұсынған индустриалды даму бағдарламасының жемісі. Жылына 2 млн тонна цемент өндіреді. Сіздің басшылығыңызбен мемлекет көрсеткен қолдаулардың арқасында алғашқы зауытымызды 2011 жылы іске қоссақ, екінші зауытты 2005 жылы іске қосып, 710 адамды жұмыспен қамтыдық. Шығарған өнімдеріміздің 30 пайызын экспортқа жөнелтіп, «Қазақстанда жасалған» деген брендтің қалыптасуына өзіндік үлес қосып отырмыз.
Зауытымыздың салынып, өркендеуі ең алдымен Сіз ұстанған саясаттың жемісі деп білеміз. Сондықтан Елбасы, Ұлт Көшбасшысы ретінде Сіздің есіміңізді тарихта қалдыру жөніндегі бастамаларды қолдаймыз. Елордаға – Нұр-Сұлтан атауының берілуі, Қазақстан қалаларындағы орталық көшелердің бәріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталуын халықтың Сізге деген ыстық ықыласы деп білеміз.
Шымкент қаласы «Стандарт цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестегінің ұжымы