Онлайн кездесулер

73
Карантин барысында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ің қызметкерлері шетелдік əріптестермен тығыз байланыста болып, тәжірибе алмастыруды жалғастыруда. Мекеме өкілдері де өз жасақтамаларымен де жиі бөлісуде.
27-сəуір күні Нижнегородск су арнасы қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция өтті. Күн тәртібінде — сату бөлімі, заңгерлер жəне апаттық қызметтер жұмысында бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін пайдалану. Ресейлік əріптестер жаңа қосымшамен таныстырды, ол арқылы сату бөлімі мамандарының жұмыс өнімділігі екі есе жоғарылаған. Оған қоса уақытты жоғалту көрсеткіштері төмендеген жəне мекеменің талдау базасы толықтырылған.
Сот істері бойынша тиімді тәжірибе ұсынылды. Ол «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і заң бөлімінің басшысы Кеңес Əлібаевты қызықтырды. Сонымен қатар директордың экономика жəне маркетинг бойынша бас директордың орынбасары Жанатбек Тұрдалиев ресейлік əріптестерді шымкенттік су
арнасының жетістіктерімен таныстырды. Кәсіпорында өндірістік процестерді цифрландыру белсенді жүргізілуде. Түрлі бағдарламалық өнімдер мекеме қызметінің барлық саласында қолданылады. Шымкенттіктер əріптестермен өз идеялары мен жасақтамаларымен бөлісуге дайын.
Қоса айта кетейік, ресейліктер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өз есебінен ашқан оқу орталығында қатты қызығушылық танытты. Мұнда мекеме қызметкерлері өздерінің теориялық жəне тәжірибелік дайындықтарын шыңдайды. Қажетті база дайын, қазірше орталықтың толық жұмыс істеуіне тек карантин кедергі туғызуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз