Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжар шағын ауданындағы 1,8 шақырымды құрайтын Мұратбаев көшесіне және Мұратбаев көшесінің тұйығы № 1,2,3 көшелеріне асфальтбетон қабатының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.
Аталмыш жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, төселген асфальттың қалыңдығы 10 см құрады. Сонымен қатар, көшеге бір жақтама аяқ жол салынады. Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі.
Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда.
Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары). 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, Қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).