«Шөкеевтің жағажайы»: Түркістан облысында 9 миллиард теңге қалай құмға сіңді?

1452

Қоғам қайраткері Дидар Смағұлов Түркістан облысында 9 миллиард теңгенің қалай «құмға сіңгенін» айтып берді. Бұл қаражат жағажайды абаттандыруға бөлінген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жоқ, бұл қараусыз қалған су қоймасы емес, бұл — Түркістандағы туризм саласын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі кешен. Қалай дегенмен, құжаттарда солай көрсетілген», — деп жазды Смағұлов Facebook-тегі парақшасында.

Смағұловтың сөзінше, жағажай жергілікті және шетелдік азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға инвесторларды тарту, бюджетке түсетін салықты көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және Түркістан облысы мен Қазақстанның экономикасының дамуына жалпы оң әсер ету мақсатында салынған.

«Бұл әдемі сөздер үлкен қаражатты талап етеді. Ал Түркістан облысында мұндай мүмкіндік жеткілікті. Сол себепті 2020-21 жылдары су асты каналын салуға, жасанды көлді тереңдетуге және жағалауды қорғауға 1 815 699 000 теңге жұмсалды. 2022 жылғы қараша айында тағы да абаттандыру үшін: пирстер, көпірлер, модульдік ғимараттардың құрылысы – душ пен киім ауыстыратын бөлме, санитарлық торап, касса, жалға беру пункттері үшін 7 030 120 956 теңге игерілді. Жағажайға бөлінген сомада , не де болса, біз бұрын-соңды мұндай нәрсені көрмегенбіз», — деп жазды Смағұлов.

Ал жағажайдың өзіне ешкім бармайды: көл «гүлдеп тұр», жағада шомылу мүмкін емес.

«Суретте инфрақұрылымның қираған және аяқталмаған күйін көре аласыз. Жағажайдың аяқ жағына тас та төселмеген, сәкі, жарық бағаналары (жарық шамдары жоқ) және ағаштарды айтудың өзі артық. (…) 9 миллиард теңге, бұл шамамен 20 миллион доллар. Иә, мұнда Дубай болуы керек еді. Алып-қосар сөз жоқ», — делінген жазбада.