Атышулы «Келін» фильмінің актрисасы қызметкерлеріне тегін жатақхана салып бермек (фото)

1865
Ермек Тұрсыновтың режиссерлігімен түсірілген атышулы «Келін» фильмінің актрисасы Гүлшарат Жұбаева қызметкерлеріне жатақхана салып беруде. Жеке тігін цехі мен сұлулық салоны, агенттігі бар актриса бүгінде 60 адамды жұмыспен қамтып отыр деп жазады NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, ол осы уақытқа дейін жалғызбасты аналар мен жүкті қыздарға қолдау көрсетіп келген.
«Осы уақытқа дейін біздің шеберханада әртүрлі қыз-келіншектер жұмыс істеді. Өзіміздің шағын жаттақханамыз бар. «Көңіл сиса — бәрі сияды» деп басқа облыстардан келіп жұмыс істейтін қыздар, тағдырдың тауқыметіне душар болған аяғы ауыр қыздар, күйеуімен жараспай ажырасқан келіншектер, баласымен келген әйелдерді алаламай жұмысқа алдық. Оларға кәсіп үйретіп, аяққа тұрғанша жұмыс пен баспана беріп, қол ұшын созатынбыз.
Цехта бірнеше балаға дейін еңбектеп жүретін. Шүкір» Қазір біразы аяққа тұрып кетті. Пәтер жағалауды, баласы бар жалғызбасты әйелге жұмыс табудың қандай қиын екенін жақсы түсінемін», — дейді актриса өз жазбасында.
Сондай-ақ Гүлшарат Жұбаева кәсіп үйренгенінде, өзіне анасынан басқа ешкімнің қолдау көрсетпегенін де жеткізді. Сол үшін актриса қазіргі таңда қызметкерлеріне тегін жатақхана салып жатыр.
«Кәсіп үйренгенімде, маған анамнан басқа ешкім кеңес бермеген. Сол үшін өмірдің қиын кезеңінде барынша қолдау көрсетуге тырысамын. Адамнан қайтпаса да, «бір сауабы тиетін болар» деп сенемін. Есесіне жанымда жылдар бойы осы ұжымның ыстық-суығына төзіп келе жатқан мықты мамандарым бар.
Өткен жылы осы жатақхана ғимаратының құрылысын бастадық. Мақсат жалғызбасты аналарды баласымен бірге жұмысқа алу. Ана мен балаға жағдай жасағымыз келеді. Оларға тегін жылы жатақ орын беріп, балаларды бала-бақшаға орналастырып, аналарын жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат еттік», — деп жазбасын аяқтады актриса.
Естеріңізге сала кетейік, «Келін» туындысы Ермек Тұрсыновтың режиссерлігімен көпшілікке 2009 жылы жол тартты. Дыбыссыз фильмнің басты рөлінде ойнаған актриса Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік кейін қатаң сынаған.

View this post on Instagram

Әр кімнің шыққан тауы өзіне биік демекші біраздан бері ойда жүрген жобам осы болатын әлі аяқталмады бірақ. 😊😊😊 Осы уақытқа дейін біздің @shabyt.sheber шеберханасында әр түрлі қыз-келіншектер жұмыс істеді. Өзіміздің шағын жаттақханамыз бар. Көңіл сиса бәрі сияады деп басқа областардан келіп жатып жұмыс істейтін қыздар, тағдырдың тауқыметіне душар болған аяғы ауыр қыздар, күйеуімен жараспай ажырасқан келіншектер, баласымен келген әйелдерді алаламай жұмысқа алып, кәсіп үйретіп, аяққа тұрғанша баспана беріп, жұмыс беріп қол ұшын созатынбыз. Цехта бірнеше балаға дейін еңбектеп жүретін. Шүкір кәзір біразы аяққа тұрып кетті. Пәтер жағалауды, баласы бар жалғызбасты әйелге жұмыс табудың қандай қиын екенін жақсы түсінемін. Өзіме анамнан басқа ешкім кәсіп істегенде кеңес беріп үйретпеген, қол-өнерді үйренудің қанша қымбат дүние екенін бір адамдай жақсы білемін. Сол үшін өмірдің қиын кезеңінде барынша қолдау көрсетуге тырысамын. Адамнан қайтпаса да, бір сауабы тиетін болар деп сенемін. Есесіне жанымда жылдар бойы осы ұжымның ыстық-суығына төзіп келе жатқан мықты мамандарым бар. Өткен жылы осы жатақхана ғимаратының құрылысын бастадық. Мақсат жалғызбасты аналарды баласымен бірге жұмысқа алу. Ана мен балаға жағдай жасап, тегін жылы жатақ орын беріп, балаларды бала-бақшаға орналастырып немесе бірнеше балаға бір тәрбиеші алып аналарын жұмыспен қамтамасыз ету. Дәл кәзір сол үшін еңбек етудемін. Алға қойған мақсатыма жетуге Алла күш қуат берсін. #gulsharatbusinesswoman

A post shared by Gulsharat Zhubaeva (@gulsharat) on