Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

436
Бүгін Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қырықбаев Полат Наруызбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Полат Наурызбайұлы Қырықбаев 1961 жылы 26 наурызда Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Ордабасы ауданында дүниеге келген.
Қазақ денешынықтыру институтын, «Қайнар» университетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты, самбо және қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстан Республикасының самбодан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. Сонымен қатар, «Құрмет» орденінің иегері екенін де айта кеткен жөн. 1985-1986 жылдары — Бөген аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқытушы-бапкері, Қазақ химия технологиялық институтының Денешынықтыру кафедрасының оқытушысы. 1986-1987 жылдары — «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы. 1987-1988 жылдары — Шымкент облыстық кеңесі Бөген аудандық «Қайрат» ерікті денешынықтыру және спорт қоғамының төрағасы. 1988-1989 жылдары — Арыс қаласы балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы-ұстазы, 1989-1991 жылдары — Шымкент облыстық Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы-ұстазы, аға жаттықтырушысы.
1991-1994 жылдары — Шымкент педагогикалық денешынықтыру институты жекпе-жек кафедрасының оқытушысы. 1994-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Олимпиадалық резервтегі су және ұлттық ойындар түрі бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. 1999-2003 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт департаментінің бастығы. 2003-2007 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. 2007-2009 жылдары — Бекзат Саттарханов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры, Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінің әкімі. 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық штаттағы командалар және спорттық резерв дирекциясының директоры болды. 2014 жылдан бастап Бекзат Саттарханов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз