ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ: «Azala Textile» ұжымы Астананың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

270
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіз халқымыздың сенімін ақтап, мемлекетімізді бүкіл әлемге танытып, еліміздің стратегиялық дамуын дұрыс жолға қойып, айқын бағдар жасадыңыз. Ең алғаш тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардағы жағдайымыз бен қазіргі елдік келбетімізді салыстырсақ, Сіздің көреген саясатыңыздың өміршеңдігін аңғарамыз. Бұл күнде қарқынды дамыған елдердің қатарына қосылдық. Әлем шарпыған экономикалық дағдарыстардың қыспағынан елді аман алып шығарған бірден-бір ұлтының ұлы тұлғасы Сіз деп білеміз.
Отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақ елі экономикалық және әлеуметтік үдерістерді бастан кешірді. Ел тарихында экономикамыз бен әлеуметтік саламыз орасан зор биікке көтерілді. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама арқылы қаншама өндіріс ошақтары ашылып, қаншама жаңа жұмыс орындары пайда болды. Осының барлығында еліміздің қайраткер тұлғасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Сіздің қосқан үлесіңіз орасан зор. Ұлы даланың дара да дана ұлы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымызды айтып, ең ізгі тілектестік көңіл-пейілімізді білдіреміз.
Сондықтан Ұлт Көшбасшысының есімін тарихта қалдыру жөніндегі бастамаларды қолдай отырып, Елордаға – Нұр-Сұлтан атауының берілуін, Қазақстан қалаларындағы орталық көшелердің бәрінің Н.Назарбаевтың есімімен аталуын жөн деп білеміз.
Әлемге танылған тарихи тұлға ретінде Сіздің есіміңізбен қала, даңғылдардың аталуы біз үшін мәртебе және үлкен қуаныш.
Сізге деген ізгі құрметпен,
Шымкент қаласы «Azala Textile» ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз