Ақтөбеде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласының №2 сотында Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы директорының ісі қаралды. Ол жеке кәсіпкермен алдын ала келісіп, 272 миллион теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасаған. Алайда келісім бойынша жұмыстар орындалмаған, ал бөлінген қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сот орталық директорының 8 жылға бас бостандығынан айырып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Кәсіпкер 7 жылға сотталып, 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, наурыз айында Ақтөбе облысында ірі қара өлімі жиілеп, карантин жарияланды.